USD
USD
USD

Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің жүлдегері анықталды

«Атамекен» өнер ордасында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың ХІІІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі аяқталды, деп хабарлады Kazinform.

Ж
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы, NEGE. Ән байқауына Қазақстанмен қатар көршілес елдерден келген барлығы 26 үміткер қатысып, Ескендір Хасанғалиевтің туындыларын орындады.

Фестиваль қорытындысында әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біржан Хасанғалиев бастаған қазылар алқасының шешімімен алматылық Медет Орынбаев бас жүлдені жеңіп алды.

Ақтөбе облысының намысын қорғаған Мерей Самұрат бірінші, астаналық Парасат Отан мен атыраулық Айбар Ғаниұлы екінші орынға ие болды. Оралдық Аружан Бисембай, қырғызстандық Дариға Сатарова мен өзбекстандық Севара Тулановаға үшінші жүлде бұйырды.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев фестиваль қонақтарына ізгі лебізін білдіріп, композитордың зайыбы Дарико Сопыжанқызына, қазылар алқасының мүшелеріне құрмет көрсетті.

Гала-концертте фестиваль жүлдегерлерімен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның халық артистері Мансур Ташматов, Саламат Садықова және Алтынбек Қоразбаевтың өнер көрсетуі ерекше әсер қалдырды.

Салтанатты кеш Біржан Хасанғалиев пен жергілікті өнерпаздардың орындауындағы «Атамекен» әнімен түйінделді.

Қазір оқып жатыр

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Дәріхана

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды

Нәресте