USD
USD
USD

Халық саны бір жылда 234 мың адамға көбейді

Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық саны бір жылда 234 мың адамға көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2019 жылғы 1 желтоқсанда еліміздегі халық саны 18 млн 611,1 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875,7 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735,4 мың адам (41,6%)» делінген ведомство ақпаратында. Таратылған мәліметке сәйкес, 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан (61,7 мың адам), Алматы қалаларында (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс