USD
USD
USD

Халық саны 19 миллионға жетіп қалды

Қазақстан халқының саны 2020 жылдың 1 желтоқсанында 18,85 млн адамға жетті. Бұл жайында, стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Халық саны 19 миллионға жетіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елдегі халық саны 2020 жылдың 1 қыркүйегінде 18852,8 мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 11 129,2 мың (59%), ауыл халқы – 7723,6 мың (41%) адам.

2019 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда халық саны 241,7 мың адамға немесе 1,3% өскен», – делінген құжатта.

Қаңтар-қарашада халық көші-қон сальдосы теріс (-16340 адам): Қазақстанға 770 696 адам келген, кеткендер – 487 036 адам, делінген статистика хабарында.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян