USD
USD
USD

Халық санағының нәтижесі қашан жарияланады?

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ұлттық халық санағының нәтижесі қашан жарияланатынын айтты.

Халық санағының нәтижесі қашан жарияланады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Халықты ақпараттандырудың барлық арналарында ұлттық санақты жария ету үшін ауқымды бұқаралық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүкіл ел бойынша халық санағын өткізуге арналған 3 500-ден астам арнайы пункт жұмыс істеді. 1446 нөмірі бойынша арнайы call-орталығы тәулік бойы жұмыс істеді», - деді Н. Айдапкелов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Спикердің айтуынша, ел тұрғындарынан 500 мыңнан астам өтініш түскен. Ал респонденттерге 25 млн астам SMS-хабарлама жіберілген. «Бюро алынған деректерді өңдеуге кірісті және алдын ала деректерді биылғы желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отыр. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, санақтың қысқаша қорытындылары 2022 жылдың ортасына жоспарланған және 2023 жылдың 1-тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялауды жоспарлап отырмыз», - деді Н. Айдапкелов.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағы аяқталды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5% өтті, ал жаппай аралап шығу арқылы 57,5% адам санақпен қамтылды. Сонымен бірге, Премьер-Министр қазақстандықтарға осы маңызды науқанға белсенді қатысқан үшін, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен осы науқанға жұмылдырылған азаматтарға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты

Қазақстан КТК терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін мұнай өндіруді қалпына келтірді

мұнай өндірісі

Қазақстандықтарға Малайзияға кіруге рұқсат берілмеу жағдайы жиілеген: СІМ мән-жайды түсіндірді

Малайзия

Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды

.