USD
USD
USD

«Халық қатысатын бюджет» жобасы өз нәтижесін беруде

Еңбекші ауданында 630 көпқабатты тұрғын үй 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы өз нәтижесін беруде
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 41 көпқабатты үйдің аулаларын жаңартуға бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Ал, 17-көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Бұл жоба арқылы пайдалануға берілген аулалардың бірі - Ш.Уалиханов көшесі №225 үйдің ойын алаңшасы.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов аталған аумаққа барып, аяқталған құрылыс жұмысын тексерді.

«Бұл жоба тиімділігін көрсетті. Аулалар жаңарып, қолайлы орта қалыптаса бастады. Ағаштар мен гүлдер отырғызып, күтім жасау маңызды. Аулалар - үйіміздің бір бөлігі. Енді уақытты тиімді қолдану үшін аула клубтарын ашуды ұсынамын. Аулалар арасында спорттық жарыстар, түрлі ойындар өткізуге болады. Осы мақсатта спорт алаңшалары көптеп ашылуда» - деді мегаполис әкімі.

Ауданда алдағы жылы да абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жалғасады. Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан 93 ұсыныс түсіп, тұрғындар арасында 66 ұсыныс қажетті дауыстар жинады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек