«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 19 жоба іске асырылды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Медеу ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 350-ден астам адам келді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 19 жоба іске асырылды
Келесі жылы дауыс беру қорытындысы бойынша келіп түскен 170 ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді:
– аула аумақтарын жөндеу – 12
– қоғамдық кеңістікті абаттандыру – 11
– тереңдетілген қоқыс жәшіктерін орнату – 7
Биылғы жоспардағы жөндеу аясында 20 аула мен Кіші Алматы өзенінің жағалауы абаттандырылды. Кіші Алматы өзені бойымен терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылдың 3-тоқсанында тұрғындардың өтініштері бойынша «Көк Төбе» саябағында жаяу жүргіншілерге арналған денсаулық жолы салынады.
Бұған қоса, биыл Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы 2 скверді жаңарту жұмыстары аяқталады. Келесі жылы «Журналистер» алаңын жаңарту жұмыстарын бастау жоспарланған. Ибрагимов көшесіндегі скверде скейт-парк жасау жоспарға енген.
Одан бөлек Медеу ауданында 50 мыңға жуық ағаш отырғызылды.
Биыл 126 мың жасыл желек отырғызылды. Гүлмен көгалдандырылған аймақтың ауданы 41 мың шаршы метр. Осы жылдың соңына дейін тағы 10 мың желек отырғызылады.
Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша ауданда апатты жағдайдағы 7 мың ағаш бар. Қазір жоспарланған 1200 ағаштың 850-і кесілді.
Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл басынан бері 27,2 шақырым жол жөнделіп, 18 шақырымнан астам тротуар салынды. Келесі жылы тағы 84 шақырымға жуық жолдар мен тротуарлар абаттандырылады. Жылжымалы составты жаңарту үшін 9 бағыт бойынша 100 автобус сатып алынды. Аудан тұрғындарының өтініші бойынша Қалдаяқов көшесінен «Геолог» бау-бақша серіктестігіне дейінгі тағы бір жаңа бағыт іске қосылады.
Сондай-ақ, қала әкімі ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы хабардар етті. Жол бойында және қиылыстарда 123 «Сергек» камерасы орнатылды, 2023 жылдың бірінші жартысында тағы 58 камера орнатылады. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін ауданда 213 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, желтоқсан айында олардың саны 355 бірлікке жеткізіледі.
Алматы ел бюджетінің негізгі доноры болып қала береді. Биыл Алматыдан мемлекеттік бюджетке 3,6 трлн. теңге, оның 75%-ы республикалық бюджетке түскен.