USD
USD
USD

Халық әртісінің суреті қызу талқыға түсті

Мәдина Сәдуақасова инстаграм парақшасына Нұрғали Нүсіпжановпен түскен суретін парақшасына жүктеген еді.

Халық әртісінің суреті қызу талқыға түсті
Фото: NEGE.kz

Әнші бикешті Халық әртісінің сыртқы образы таңғалдырған көрінеді.

«Нұрғали ағамызбен концертте кездесіп, ол кісінің өзгерген стилін, жаңарған шаш үлгісін, ерекше киімін көріп «Нұрғали аға, жарайсыз» - дегім келеді. Шығармашылықтың адамы осылай өзгеріп тұру керек. Өте жарасымды!» - деген Мәдинаның бұл жазбасы ғаламторда лезде тарап үлгерді. Пікірлерге зер салсақ, Нұрғали мырзаның жаңа образы желідегілерге жақпай қалған секілді. Бірі ҚР Халық әртісінің жаңа образына тоқсалса, екінші тарап жас әйелге үйленген Нүсіпжановтың өңінен өзгерісті анық байқағанын жарыса жазуда.

Айта кетейік, былтыр 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов журналист Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтерген еді. Жас жұбайлардың махаббат хикаясы ұзақ уақыт бойы қазнеттің қызу талқысына түскен болатын.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.