USD
USD
USD

Депутат МӘМС ақшасына дәрі-дәрмек сатып алуға рұқсат беру керек деп санайды

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов қазақстандықтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) төлейтін қаржысын қатаң бақылауға алу қажеттігін көтерді.

мәмс
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Магеррамов МӘМС аясында жиналатын қаражаттың қозғалысы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағыдай ашық әрі түсінікті болуы тиіс екенін айтты.

Оның сөзінше, медицина саласында халықтың наразылығын туғызып отырған басты мәселелердің бірі – МӘМС қаржысына қатысты ашық бақылаудың жоқтығы. Азаматтар ай сайын жарна төлегенімен, өз қаражатының қалай және қайда жұмсалып жатқанын қадағалай алмай отыр.

Депутаттың ұсынысына сәйкес, азаматтардың МӘМС-ке төлеген қаражатын жеке деңгейде ашық қадағалауға мүмкіндік беретін цифрлық жүйе әзірленуі тиіс. Сондай-ақ МӘМС жарналарын тұрақты төлейтін азаматтарға инвестициялық кіріс есептеу тетігін енгізу және пайдаланылмаған қаражатты дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсауға мүмкіндік беретін нақты механизм қалыптастыру қажет.

Депутаттың айтуынша, бұл шаралар халықтың медициналық сақтандыру жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы