USD
USD
USD

Халық табысын арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?

Азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейді.

Зейнетақы, ақша, есеп
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Бектенов келтірген дерекке сәйкес, еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 31% болып отыр, бұл – Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш. 

«Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткіш – 40%-ға және одан жоғары деңгейге жету.

Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр.

Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Оның аясында қаржылық, салықтық және басқа да ынталандыру шаралары көзделуде. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағдылар мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған», – деп атап өтті премьер-министр.

Оның мәлімдеуінше, Үкіметтің 2026 жылға арналған негізгі басымдығы халықтың нақты табысының өсуі болып отыр. Бұған жаңа өндірістер құру, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту және тұрақты жұмыс орындарын ашу ықпал етпек.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова