USD
USD
USD

Башқұрстанда халық көтеріліске шықты

Башқұрстан Республикасының Баймақ қаласында халық экобелсенді Фаил Алсыновқа қатысты шығарылған сот шешіміне қарсы ереуілге шықты.

Башқұртстан
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Башқұрстандағы Баймақ аудандық соты 17 қаңтарда Ресейде тыйым салынған «Башқұрт» ұйымының бұрынғы басшысы Фаил Алсыновты «араздықты қоздыру» бабы бойынша (Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 282-бабы 1-бөлігі) 4 жылға соттаған.

Соттың шешіміне қарағанда, экобелсенді Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарын қара халық деп атаған. Орыс тіліне аударылғанда ол «черный народ» болып, халық арасында «араздықты қоздырған». Ал Фаил Алсынов пен оның жақтастарының айтуынша, қара халық дегеніміз – кәдімгі қарапайым халық деген мағынада айтылған. Сот соған қарамай, «Башқұрт» ұйымының бұрынғы басшысын 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Осыған байланысты Баймақ қаласында бірнеше күннен бері жергілікті халық экобелсендіні бостандыққа шығаруды талап етіп, сот ғимаратының алдына жиналып, оның соңы ереуілге ұласқан.

Сот ғимаратының алдындағы алаңда 17 қаңтар, сәрсенбіде тағы да, екі күн бұрынғыдай, Алсыновты қолдауға келген жүздеген адам жиналды. Олар «Файль», «Бостандық», «Біз өз кісімізді бере алмаймыз» деп ұрандатады. Қауіпсіздік қызметкерлері жиналғандарды ұрып-соғып, ұстап жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси