USD
USD
USD

«Халал» шұжықтар мен консервілерден шошқа еті табылды

Доңыз етінің ДНҚ-сы қазақстандық сөрелерде сатылатын Ресей Федерациясынан алынған сиыр еті консервілері мен жартылай ысталған «Мусульманская» шұжығынан табылды, деп хабарлайды 24.kz.

«Халал» шұжықтар мен консервілерден шошқа еті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Зерттеу нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасы хабарлады.

«Биылғы наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын сатып алды. Зерттеу барысында сиыр консервісінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасынан сәйкессіздіктер анықталды: жартылай ысталған «Мусульманская» шұжығы (дайындаушы: ЖК «Павлов А. С.», Ресей, Башқұртстан Республикасы); стерильденген кесек етті консервілер «Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» (дайындаушы: «Стандарт» Курганский мясокомбинат» ЖШҚ, Ресей, Қорған қ.); «Жоғары сұрыптағы бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек етті консервілер (дайындаушы: «Орелпродукт» АҚ, Ресей, Орловск облысы)», – делінген мәліметте.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығынің хабарлауынша, етқұрамды, тартылған ет, стерильденген консервілер де бар.

«Түскі астық доңыз еті» тауық-ДНҚ-сы табылды (өндіруші: Ресей, Мәскеу облысы, «Селятино» ет өңдеу зауыты). Енді бұл өнімдер сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді. ҰСО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін таңбалау бойынша да бірқатар бұзушылыққа жол берген. «Оның ішінде заттаңбада көрсетілген сипаттамалар іс жүзінде құрамымен сәйкес келмейтіндігі анықталды», – делінген мәліметте.
 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер