USD
USD
USD

Хакерлер туралы жаңалық биткоин бағамын құлдыратты

Colonial Pipeline компаниясы мамыр айының басында оған «вирустың» шабуыл жасағанын жариялаған еді. АҚШ-та криптовалюта туралы жаңалық жарияланғаннан кейін, биткоин құны құлдырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Хакерлер туралы жаңалық биткоин бағамын құлдыратты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресми дерек бойынша, биткоин бағасы 9%-ға төмендеген.  Қазір ол шамамен 32,8 мың долларға саудаланып жатыр (-9,26%).  АҚШ-тағы ең ірі отын құбыры операторы Colonial Pipeline компаниясының DarkSide хакерлік тобына биткоиндермен жүзеге асырған төлемінің бір бөлігін қайтара алды деген жаңалықтан кейін нарықта кері динамика орнады.  Тергеушілер хакерлер пайдаланатын криптовалюта әмиянына түскен төлемді анықтаған. Олардың дерегі бойынша, хакерлер Ресейден әрекет еткен көрінеді. Тергеу аяқталысымен билік компанияға бірнеше миллион доллар көлеміндегі қаражатты қайтарып берді. Colonial Pipeline компаниясы мамыр айының басында оған «вирустың» шабуыл жасағанын жариялаған еді. Компания сол кезде 4,4 миллион доллар көлеміндегі қаражатынын айырылып қалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші