USD
USD
USD

Халық саны 19 млн-ға жетіп қалды

Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 632 мың 200 адамды құрады, деп ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады.

Халық саны 19 млн-ға жетіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 18 млн 632 мың 200 адамның 10 млн 893 мың 800-і немесе 58,5% – қалаларда, 7 млн 738 мың 400 мыңы немесе 41,5% ауылдарда тұрады.

Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 597 мың 900-ін немесе 51,5% әйелдер құрайды.

2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Бір жыл ішінде тұрғындар саны ең көп 3 өңірде артқан - Алматы қаласында 62,2 мың адамға, Нұр-Сұлтан қаласында 57,6 мың адамға және Түркістан облысында 36,4 мың адамға.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы