USD
USD
USD

Хабибтің әкесі ақша қуып жүр ме?

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нұрмагомедовтің әкесі Абдулманап Нұрмагомедов UFC президенті Дана Уайттан көп ақша талап етіп отыр.

Хабибтің әкесі ақша қуып жүр ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. РИА Новости агенттігінің жазуынша, Хабибтің әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нұрмагомедов Хабиб пен Конордың жекпе-жегі үшін Дана Уайттан 100 миллион доллар сұраған.

МакГрегор Серронені 40 секундта сабап тастаған соң Дана Уайт МакГрегордың келесі қарсыласы Нұрмагомедов болатынын айтқан. Бұған Хабибтің әкесі былай жауап берді: «Бізге де реванш керек. Бірақ бізге 100 миллион доллар беріңдер. Фергюссонмен төбелескен күннің ертеңінде осы ақшаны бізге берсеңдер, неге реванш өткізбеске? Білмеймін, бәлкім, Дана Уайтқа реванш өткізгісі келсе, сұрағанымызды беретін шығар».

UFC – спорттан бөлек, қып-қызыл бизнес. Мұны жұрттың бәрі біледі. Алайда Хабибтің әкесі тым асыра сілтеп жіберген жоқ па?

Қазір оқып жатыр

AMANAT-тың алдағы сайлау науқанына дайындығы қандай?

 AMANAT

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

роуд-шоу

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қаржыны толық аудармауына не себеп?

Самұрық-Қазына