Хабиб Нурмагомедов жеңіске жетті
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматы, NEGE. Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжидің кездесуі Абу-Даби қаласындағы UFC 254 турнирінде өтіп, екінші раундта аяталды. Нурмагомедов қарсыласын "үшбұрыш" әдісіне салып, жеңді.
Айта кетейік, бұл кездесуде ресейлік спортшы белбеуін үшінші рет қорғады. Ол бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегор және америкалық Дастин Порьеге қарсы айқаста белбеуін сәтті қорғаған болатын. Ал жалпы белбеуді ресейлік спортшы 2018 жылы америкалық Эл Яквинтаға қарсы кездесуде жеңіп алған болатын.
Осылайша Нурмагомедов 29-шы кездесуінде қатарынан жеңіске жетіп отыр. Ол әлі жеңілістің кермек дәмін татпаған. Бұл Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедовтің өмірден өткенінен кейінгі бірінші кездесуі болатын. Гэтжи болса карьерасында үшінші рет жеңілді.
Қазір оқып жатыр
Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды
Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр
Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде
Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған