USD
USD
USD

Хабиб Нурмагомедов спорттан кетті

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов мансабын аяқтады.

Хабиб Нурмагомедов спорттан кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Хабиб Нұрмагомедов UFC турниріндегі чемпиондық атағын қорғаған соң мәлімдеме жасады. Спортшы өзінің спорттық мансабын аяқтайтынын жеткізді.

«Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Маған UFC басшылары қоңырау шалып, Джастинмен төбелесетінімді айтқанда, анаммен үш күн бойы ақылдастым. Ол кісі әкем жоқта төбелескенімді қаламады. Бұл менің соңғы айқасым болатынына уәде бердім. Уәде берген соң оны орындаймын. Бүгін UFC турнирімен қоштасамын», – деді Хабиб.

Сондай-ақ спортшы UFC басшылары мен бапкерлеріне, командаластарына алғысын жеткізді.

«Барлықтарыңызға рахмет! Бір ғана айтарым – жақындарыңыздың жанында болыңыздар!», - деп сөзін аяқтады чемпион.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы