USD
USD
USD

Хабиб Нурмагомедов ресми UFC ұйымының құрмет залына кірді

Жеңіл салмақта UFC чемпионы болған, қазіргі уақытта Eagle FC промоушенінің президенті 33 жастағы ресейлік Хабиб Нурмагомедов ресми түрде UFC ұйымының құрмет залына кірді, деп жазады Vesti.kz.

Хабиб Нурмагомедов ресми UFC ұйымының құрмет залына кірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Негізі Хабиб Нурмагомедов UFC-дің құрмет залына 2022 жылдың наурызында UFC 272 турнирі алдында кірген болатын. Бүгін осыған орай Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында ресми шара өтті.

Айта кетейік, Нурмагомедов карьерасындағы соңғы кездесуін 2020 жылдың қазан айында өткізді. UFC 254 турнирінде ол америкалық Джастин Гэтжимен жолығып, қарсыласын қылқындырып тастады. Осы айқастан кейін ол карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Жалпы Хабиб аралас жекпе-жекте 29 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы