USD
USD
USD

Хабаров өлкесінде жетінші мәрте митинг өтуде

Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаров өлкесінде сенбі күні өлкенің ұсталған губернаторы Сергей Фургалды қолдаған жергілікті тұрғындар шеруге шықты. Бұл Фургалды қолдағандардың жетінші мәрте өткен митинг. Кей дерек бойынша көшеге 50 мыңға жуық адам шыққан. Хабаровск тұрғындарын қолдаған Владивосток тұрғындары да митинг өткізді.  

Хабаров өлкесінде жетінші мәрте митинг өтуде
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Наразылық шарасына жиналғандар өңір үкіметінің ғимаратының алдында «Фургал — біздің таңдауымыз» деген ұрандатқан.Одан кейін адамдар қаланың орталық көшелерімен жүріп өткен. Хабаровтықтарды қолдауға көрші Амур және Амурдағы Комсомольск қаласының тұрғындары да келген.

Vl.ru сайтының жазуынша, Владивосток тұрғындары да көшеге шығып Хабаровтағы митингке қолдау білдірген. Мұнда 500-ден 1000 адамға дейін жиналды деген дерек бар.

Хабаров өлкесінің губернаторы Сергей Фургал 9 шілдеден бері қамауда отыр. Оған 2004–2005 жылдары кәсіпкерлікпен айныласықан кезде әріптестерін өлтірді деген айып тағылған. Фургалды Мәскеуге алып кетіп, екі айға тергеу абақтысына қамады. Бұрынғы губернатор кінәсін мойындаудан бас тартуда.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана