USD
USD
USD

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу тәртібі өзгереді: Құрылтай жаңа заң жобасын қабылдады

Қазақстан мен ТМД елдерінің құзыретті органдары адамдарды мемлекетаралық іздестіру кезінде электронды форматта ақпарат алмасады. Жаңа заң жобасын Құрылтай мүшелері қабылдады. 

мұғалімдердің жеке дерегі
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Құрылтай «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады.

Хаттамаға ТМД елдері 2024 жылғы 8 қазанда Мәскеу қаласында қол қойған. Құжат іздестіру кезінде ақпарат алмасудың электронды форматын енгізуді көздейді.

Жаңа тәртіп сот шешімдерін орындаудан жалтарып жүрген адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды, сондай-ақ туыстарымен байланысын жоғалтқан немесе өзі туралы мәлімет бере алмайтын адамдарды іздеу кезінде қолданылмақ.

Депутат Берік Беркімбаевтың айтуынша, бұл құжат Қазақстан азаматтарын іздестіру кезінде мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Бұл хаттама Қазақстан Республикасының азаматтарын іздеу бойынша өзара іс-қимылдарды неғұрлым жедел әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда хаттаманы шартқа қатысушы Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Тәжікстан мемлекеттері ратификациялады», – деді депутат Берік Беркімбаев.

Хаттама күшіне енгеннен кейін Қазақстанның уәкілетті органдары ТМД-ға қатысушы елдердің әріптестерімен іздестіруге қатысты мәліметтерді электронды түрде алмасудың құқықтық мүмкіндігіне ие болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж