Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Гвинеяда Эбола эпидемиясы басталды

Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігіндегілер елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында Эбола эпидемиясының басталғаны туралы мәлімдеді.

Гвинеяда Эбола эпидемиясы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биліктің мәліметінше, елде Эболадан төрт адам қайтыс болғаннан кейін шаралар қабылданған.

«Осы жағдайды ескере отырып және Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея үкіметі Гуэк субпрефектурасында, Нзерекор префектурасында Эбола вирусының эпидемиясы туралы хабарлайды», –  делінген ел премьер-министрінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.

Билік эбола ауруына күдік туғызған барлық адамды оқшаулауға, Эболаға төтеп беру жөніндегі үйлестіру және техникалық комиссияның жұмысын жандандыруға, Гуэкте науқастармен жұмыс істейтін орталық ашуға, сондай-ақ ДДҰ арқылы вакциналарды сатып алуды тездетуге кеңес берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтық саны төмендей бастады

Интернет-алаяқтық

Аутизмді «емдейміз» деп ақша алады: Қазақстанда мұндай орталықтарды кім бақылайды?

.

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті