USD
USD
USD

Гутерриш Пәкістандағы терактіге байланысты көңіл айтты

БҰҰ Бас хатшысы барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

БҰҰ бас хатшысы
Фото: БҰҰ

Алматы, NEGE. Бұл туралы дүниежүзілік ұйым басшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Пәкістанның Кветта қаласындағы шабуылды айыптап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Біз бүгін таңертең жасалған Кветта қаласындағы террорлық шабуылды айыптаймыз. Бас хатшы қайтыс болғандардың отбасыларына, Пәкістан халқына және Үкіметіне көңіл айтады. Ол барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді. Бұл жиіркенішті шабуылға кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенеміз», — деп келтірді агенттік Дюжарриктің сөзін.

Еске салсақ, 9 қарашада Пәкістанның Балужистан провинциясында орналасқан Кветта қаласындағы теміржол вокзалының жанында жарылыс болып, 25 адам қайтыс болды, тағы 62 адам зардап шекті.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі