USD
USD
USD

Ғұсман Қырғызбаев үздіктер қатарында

Будапештте дзюдодан әлемдік Grand Slam кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ғұсман Қырғызбаев үздіктер қатарында
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев жарысты жетінші орынмен аяқтады. Әлемдік доданың бірінші күнінде сынға түскен ол жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды. Қазақстандық дзюдошы аталған додаға екінші айналымнан қосылды. Алғашқы қарсыласы әжірбайжандық Давуд Мамадсойдан басым түсіп, ширек финалда венгриялық Дэвид Нажимен белдесті.

Жергілікті балуан отандасымызды соңғы секундта вазари ұпайымен жеңіп кетті. Нәтижесінде, Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуіне күресуге мүмкіндік алды. Ал жұбаныш белдесуінде ол Моңғолиялық Унуболд Лажважацпен кездесіп, ескерту қағазымен ұтылып қалды. Айта кетерлігі, әлемдік Grand Slam кезеңі 25 қазанға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.