USD
USD
USD

Ғұсман Қырғызбаев – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды.

Қырғызбаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды.

«Қуан, Қазақ елі! Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев — Олимпия ойындарының қола жүлдегері! Білекті де жүректі балуанымыз ел мерейін асырып, сенімді ақтады! Ғұсманның өнерін арнайы барып тамашаладым. Өте мықты балуандармен бетпе-бет келді. Қара күші мен мінезінің арқасында осы деңгейге жетті. Олимпиадаға мықты спортшылар ғана қатысатынын ескерсек, қола да жақсы нәтиже. Париж төрінде Қазақ дзюдосының жаңа тарихы жазылып жатыр. Кеше Елдос Сметов чемпион атанды. Әбиба Әбужақынова жанкешті өнер көрсетті. Енді, міне, Ғұсман намысты қолдан бермеді. Жарайсың, Ғұсман!», - деді Ермек Маржықпаев.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC