USD
USD
USD

Ғұсман Қырғызбаев: Олимпиададан соң күреске деген шабытым қайта ашылды

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев өзінің спорттағы мансабына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қырғызбаев
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. "Шынымды айтсам, Олимпиададан кейін күреске деген шабытым ашылды. Кішкене демалған соң, ірі додаларға қайта дайындала береміз. Олимпиада медалі мен үшін аса құнды медаль. Орны ерекше. Олимпиадалық ауылда тұрған соң, жүлдегер атанғаным қатты білінбеген. Өйткені, бәрі медаль алып жатыр ғой. Елге оралған соң, халық сый-құрметін көрсетуде. Қазақстан дзюдо тарихында атым қалып, кішігірім ерлік жасағанымды енді түсініп жатырмын", - дейді Қырғызбаев.

Айта кетелік, Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақта Олимпиаданың тұғырына көтерілген болатын.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы