Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Гүлшара Әбдіқалықова неге ресейлік вакцинаны салдырды?

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова COVID-19 инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Гүлшара Әбдіқалықова неге ресейлік вакцинаны салдырды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен бүгін ерікті түрде өзіме екпе ектірдім. Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет ететін боламын. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын!», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Қызылорда облысының халқына алғашқы кезеңде 80 000 доза вакцина салынатыны хабарланды.

1 ақпанда өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен әкелінеді. Бұл жұмыстарға алғашқыда №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеттері дайындалды және екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер жұмылған.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық