USD
USD
USD

Гүлнара Каримоваға жаңа айыптар тағылды

Өзбекстан билігі бұрынғы президент Ислам Каримовтың қызы – Гүлнара Каримоваға жаңа айыптар тақты, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Гүлнара Каримоваға жаңа айыптар тағылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өзбекстанның Бас прокуратурасы мен әділет министрлігі АҚШ, Швейцария, Франция, Ресей Федерациясы және Латвия сияқты елдермен бірлесе отырып, 1,3 млрд доллардан астам Каримованың қылмыстық жолмен тапқан табысын қайтару мәселесі бойынша жұмыс жасап жатыр. Кейбір елдерде қылмыстық іс тексерілу үстінде.

Осы жұмыстар барысында, халықаралық құрылымдар мен азаматтардан Каримованың бұрын қамтылмаған қылмыстары туралы жаңа деректер түсіп жатыр», – деп хабарлады Өзбекстанның Бас прокуратурасы.

Бұл ашылған жағдайлар жаңа қылмыстық істер қозғауға негіз болып отырған көрінеді. Өзбек құқық қорғау органдарының айтуынша, келтірілген шығын 165 млн АҚШ доллары және 85 млрд өзбек сомы болады екен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy