USD
USD
USD

Гүлнар Кәрімованың 131 миллион доллары Өзбекстанға қайтарылады

Гүлнар Кәрімоваға тиесілі қаржының бір бөлігі Өзбекстанға қайтарылады, деп хабарлайды Өзбекстанның әділет министрлігі. 

Гүлнар Кәрімованың 131 миллион доллары Өзбекстанға қайтарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көрші елдің министрлігі ұсынған ақпарат бойынша, Өзбекстан Кәрімова мен оның сыбайластары елден заңсыз әкеткен активтерді қайтару мәселесі бойынша Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей және басқа елдердің органдарымен жұмыс істеп жатыр.

"2022 жылдың он бірінші ақпанында Швейцария мен Өзбекстан кездесу ұйымдастырған. Жиында екі делегация да Біріккен Ұлттар Ұйымының көпжақты сенім қорын құруға келіскен. Қор Гүлнар Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс жүргізу шеңберінде түпкілікті тәркіленген активтерді қайтару үшін пайдаланылатын болады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 131 миллион доллар қайтарылады деп күтіліп отыр. Бұл қаржы Өзбекстанның әл ауқатын жақсартуға жұмсалмақ.

Қазір оқып жатыр

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ