USD
USD
USD

Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды

Сот ORDA бас редакторы Гүлнар Бажкенованы екі ай мерзімге үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. 

Гульнара Бажкенова
Фото: @bazhkenova/Instagram

Астана, NEGE. Бұл ақпаратты журналистің адвокаты Мұрат Адам хабарлады.

Еске салсақ, бұған дейін Гүлнар Бажкенованың үстінен «бірнеше рет әдейі жалған ақпарат таратты» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

Қазақстан Журналистер одағы құқық қорғау органдарын кінәсіздік презумпциясын сақтауға, сондай-ақ бұл істі жан-жақты, объективті және бейтарап тексеруге шақырады.

«Қылмыстық кодекстен 274 бапты «Көрінеу жалған ақпарат тарату» алып тастау қажет. БАҚ пен журналистердің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа 274 бапты азаматтық-құқықтық қатынастар санатына ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Жалған не жала жабу сипатындағы ақпарат таралды деген тұлғалар немесе ұйымдар өз беделін тек азаматтық-құқықтық қатынастар аясында ғана қорғауы тиіс. Аталған бап журналистер мен белсенділерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың әмбебап тетігіне айналды», – делінген Журналистер одағының мәлімдемесінде.

1 желтоқсанда полиция ORDA редакциясының Алматы мен Астанадағы кеңселерінде, сондай-ақ журналистің пәтерінде тінту жүргізді

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді