USD
USD
USD

Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты сотта зардап шегуші Тұрсын Алагөзов жауап берді

Елорданың Байқоңыр аудандық №2 сотында Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты сотта зардап шегуші Тұрсын Алагөзов жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы іс бойынша Гүлмира Сатыбалдыға ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-тармағында(қылмыстық құқық бұзушылық), 389-бабы 3-тармағында (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылық), 125-бабы 2-тармағы 1-8-тармақшасында (адамдар тобының алдын ала сөз байласып адам ұрлауы) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталады», - деді прокурор Азамат Сәрсембаев.

Сонымен қатар прокурор Мәди Батыршаевтың Қылмыстық кодекстің 389-бабы 3-тармағы, 125-бабы 2-тармағы 1,8-тармақшасы, ал Рашид Өтебековтің 125-баптың 2-тармағы 1-тармақшасы (адам ұрлау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша айыпталып отырғанын айтты.

Сот талқылауы түстен кейін де жалғасып жатыр. Зардап шегушілерден жауап алу басталды. Бірінші болып Тұрсын Алагөзов жауап береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы