USD
USD
USD

Гүлмира Сатыбалдының ісі Астанада қаралады

Алматыда белгілі бизнесмен Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды КТК.

Гүлмира Сатыбалдының ісі Астанада қаралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды және адам ұрлады деген айыптар тағылған.

Қайрат Сатыбалдының өзі де өткен жылы аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін 6 жыл жаза арқалаған. Айыпталушы орындығында Гүлмира Сатыбалдының жүргізушісі мен көмекшісі де бар. Тергеу мәліметінше, олар екі кәсіпкерді бопсалап, бизнестегі үлестерін өз атына жаздырған. Жәбірленушінің бірі — Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзов. Ал екіншісі Айгүл Мекешоваға күш көрсетіп миллиард теңге тұратын компаниясын 375 мың теңгеге сатып алған дейді тергеушілер.

Келтірілген шығын көлемі 6 млрд теңгеден асып жығылады. Бірақ айыпталушы тараптың адвокаттары Алагөзов өз компаниясындағы үлесін экс-жұбайының атына өтіп кетпеу үшін қасақана өзге адамға рәсімдегенін алға тартуда. Сондықтан істі бас прокуратураның тергеуіне қайтарылғанын қалайды. Сондай-ақ заң талаптарының өрескел бұзылғанын айтқан адвокаттар судьядан бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді және істі Астана қаласына жіберуді де сұрады.

Судья айыпталушыны қамаудан босатқан жоқ. Бірақ қылмыстық іс бұдан былай елордада қаралатын болды.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия