USD
USD
USD

Гүлмира Сатыбалды Тұрсын Алагөзовке 6,5 млрд теңгенің акцияларын қайтарады

Гүлмира Сатыбалды мемлекеттік кіріске және баж ретінде 65,8 млн теңге өтеуі тиіс. 

Гүлмира Сатыбалды Тұрсын Алагөзовке 6,5 млрд теңгенің акцияларын қайтарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Гүлмира Сатыбалдыдан Т. Алагөзовке келтірген материалдық және моральдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талап ішінара қанағаттандырылсын. Г. Сатыбалдыдан материалдық залал келтіргені үшін жәбірленуші Т. Алагөзовтің пайдасына 6,5 млрд теңге көлемінде "Galanz bottlers" АҚ жай акцияларының 43%-ы өндіріп алынсын. Сонымен қатар, Г. Сатыбалдыдан моральдық залал келтірегені үшін 1 млн теңге өндірілсін. Одан бөлек, мемлекеттің кірісіне және мемлекеттік баж ретінде 65,8 млн теңге өндірілісін", - деді судья Кемеңгер Имашев.

Сондай-ақ, сот Гүлмира Сатыбалдының жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтіні туралы қаулы шығарды.

"Үкім шығарылған сәттен бастап заңды күшіне енеді. Г. Сатыбалды жазасының мерзімі қамауға алынған сәттен бастап, яғни 2022 жылғы 16 наурыздан бері 1,5 тәулікке бір күн қамауда ұстау есебінен заңды күшіне енгенге дейін есептелсін", - дейді судья.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе