Гүлмира Сатыбалды тағы бір ай тұтқында болады
Осыған дейін 2 ай мерзімге қамауға алынған Гүлмира Сатыбалды тағы бір ай тұтқында болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «2022 жылғы 13 мамырда Нұрсұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қамауда ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, биыл 18 наурызда елорда соты Гүлмира Сатыбалдыны 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берген еді.