USD
USD
USD

Гүлмира Сатыбалды Қазақстаннан қашып кетпек болған

Гүлмира Сатыбалдының атышулы қылмыстық ісіне қатысты алдын ала тыңдау барысында жаңа жайттар анықталды.

Гүлмира Сатыбалды Қазақстаннан қашып кетпек болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Анықталғандай, күдікті Қазақстаннан қашып кетпек болған. Бір қызығы, оның бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалды да елден қашпақ болған кезде ұсталған. 

Алдын ала тыңдау кезінде сотталушының адвокаты Әсел Рабатова Гүлмира Сатыбалдының ана және әже екенін айтып, бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрады.

Іс бойынша прокурор Альмира Қожахметова бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ екенін айтып өтті. Өйткені сотқа дейінгі іс жүргізу барысында «сотталушы Гүлмира Сатыбылды шекарадан өтпек болған» фактілер анықталған.

Тақырыпқа орай: Қайрат САТЫБАЛДЫНЫҢ сүйікті «ГҮЛШЕТАЙЫ» кім?

Еске салайық, Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі адам ұрлады және Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Айта кетейік, оның бұрынғы күйеуі Қайрат Сатыбалды колонияда жазасын өтеп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп