USD
USD
USD

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау ісі бойынша да тергеліп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Антикор. 

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау ісі бойынша да тергеліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.

Сонымен қатар, Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады. Күдікті адамдар күзетпен ұсталды, тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті