Гүлбара Сұлтанова Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Гүлбара Бекетқызы Сұлтанова ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Үкімет.
Алматы, NEGE. Гүлбара Сұлтанова1967 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін бітірген.
1992-2000 жылдары — Қостанай облысындағы орта мектептерде бастауыш сынып мұғалімі.
2000-2001 жылдары — Қостанай қ. №3 орта мектебінің мұғалімі.
2002-2006 жылдары — Қостанай облысы ішкі саясат департаментінің бөлімінде бас маман.
2006-2014 жылдары — Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы, басшысы.
2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыру жұмысы басқармасының сарапшысы болып қызмет етті.
2014-2016 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінде басқарма басшысы.
2016-2018 жылдары — ҚР Дін істері министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы.
2018-2023 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.