USD
USD
USD

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге 9 миллион лари (шамамен 3,2 миллион доллар) көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деп айып тағылды.

Михаил Саакашвили
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Үкімді Тбилиси қалалық соты шығарды. Сонымен қатар, бұл істе Грузияның арнайы күзет қызметінің бұрынғы басшысы Теймураз Джанашия да жауапқа тартылды. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 300 мың лари (шамамен 110 мың доллар) көлемінде айыппұл салынды.

Бас бостандығынан айыру мерзімі 2021 жылдың 1 қазанынан бастап есептеледі. Саакашвилиге 3 жыл бойына қандай да бір мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Саясаткерге 2014 жылы мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Бұл іс Грузияда «пиджак ісі» деген атпен белгілі. Айыптаушы тарап Саакашвили президент кезінде мемлекет қаражатын пиджак, пальто сатып алуға, ұлының оқуына, косметикалық процедуралардан өтуге, қымбат көліктер мен ұшақтарды жалға алуға және қол сағат сатып алуға пайдаланғанын айтады.

Ол 2021 жылдың күзінде Украинадан Грузияға оралған кезде қамалған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Салтанат Аманқосова

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Чемодан, саяхат, көшу

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова