USD
USD
USD

Грузиялық меценат Қазақстанға көмектесті

Бүгін Грузиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді. 

Грузиялық меценат Қазақстанға көмектесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк Тбилисиден Алматыға жетті.

Оны «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвили жіберген.

Енді аппараттар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелері арасында таратылатын болады.

«Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, «Грузия индустриялық тобының» басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді», – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон

200 мың доллар және милиондаған рубль: шекарадан қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай