USD
USD
USD

Грузиялық инвесторлар Қазақстанға $400 млн қаржы құйды

Қазақстан пен Грузия арасында инвестициялық әріптестік үрдісі артып келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов айтты. 

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. — Грузия — Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі. Осы орайда екі ел арасында инвестициялық әріптестік үрдісі артып келе жатқанын атап өту керек. Соңғы 20 жыл ішінде грузиялық инвесторлар Қазақстан экономикасына 400 млн доллардан астам қаржы құйды, өз кезегінде біздің елдің кәсіпкерлері бұл елге 620 млн доллардай инвестиция салды. Біз бұдан кейін де инвестициялық әріптестікті арттырамыз және елдегі бизнес-ахуалды жақсарта түспекпіз, - деді ол Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен келіссөз барысында.

Сондай-ақ Үкімет басшысы өзара сауда-саттық көлемінің артуы екі ел арасындағы ықпалдастықтың маңызды аспектісі екенін атап өтті.

— Қазіргі әлемдегі ахуалға және тауар жеткізудің жаһандық тізбегінің түрленуіне қарамастан біз бірлесе отырып екі елдің сауда-саттық қарым-қатынасын арттырмақпыз. Біз Грузияға жеткізілетін тауарлар тізіміне жаңа шикізаттық емес тауар түрлерінің қосылып жатқанына қуаныштымыз, - деді Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудың жерасты мешіттері әлемдік мұра тізіміне ұсынылды

.

30 жаста – 9,75 млн теңге: Қазақстанда жеткіліктілік шегі өсті

Зейнетақы

Этнограф: Аралас некеден қорықпай, сапалы ұлт болуды ойлау керек

.

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

Нурлан Сабуров