USD
USD
USD

Грузияға кірудің жаңа ережелері белгілі болды

Грузияға кірудің жаңа ережелері белгілі болды. 5 шілдеден бастап барлық турист теріс ПТР-тестін ұсынуы керек.

Грузияға кірудің жаңа ережелері белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Грузия елшілігінің Facebook парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы. 

Елшілік мәлімдемесіне сәйкес, саяхатшы вакцина салдырған ба, жоқ па - оған қарамастан, Грузияға кіру үшін ол ұшуға дейін 72 сағат бұрын жасалған теріс ПТР-тестін ұсынуы керек.

Таяуда қазақстандық лоукостер FlyArystan Шымкенттен грузиялық Кутаисиге тікелей рейс ашатынын жариялады. Рейстер аптасына 2 рет - сәрсенбі және жексенбі күндері орындалатын болады. Әуетасымалдаушы компанияның мәліметінше, билет бағасы 29 999 теңгеден басталады. Бұл сомаға бір бағытта ұшу және бес келіден аспайтын көлемі 56*23*36 сантиметр болатын қолжүгі кіреді.

FlyArystan сонымен қатар Қазақстанның басқа үш қаласынан - Нұр-сұлтан, Ақтау, Атыраудан Кутаисиге ұшуды жүзеге асырады. Кутаисиге сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Семей қалаларынан ұшуға болады, бірақ ауысып отырумен бірге билет құны да аздап өзгереді. 

Айта кетейік, 15 мамырдан бастап Air Astana Алматыдан Батумиге қатынайтын жаңа рейсті іске қосты. Енді әр дүйсенбі, сәрсенбі мен сенбі сайын Airbus A320 ұшағында Батумиге сапарлап баруға мүмкіндік бар. 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park