USD
USD
USD

Грузиядағы тәртіпсіздіктер кезінде 14 полицей жарақат алды

Бұл туралы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Александр Дарахвелидзе брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлады ТАСС. 

Митинг
Фото: x.com/SprinterPress

Алматы, NEGE. Грузия премьер-министрінің айтуынша, жарақат алған полицейлердің бірі ауыр халде жатыр.

Елдің Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздіктерге байланысты төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Еске сала кетейік, 4 қазанда Грузияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау өтті. Грузияның Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, бюллетеньдердің 74 пайыздан астамы саналған кезде билеуші партия 80 пайыздан астам дауыс жинаған. Екінші орында – оппозициялық «Күшті Грузия» партиясы (6,8%), ал үшінші орында «Гахария – Грузия үшін» партиясы (3,8%) тұр.

Билік мәліметінше, наразылық акциясына шыққандар Тбилисидегі Атонели көшесінде орналасқан президент сарайының ауласына басып кірген. Сол жерде демонстранттар мен полицейлер арасында қақтығыс болып, құқық қорғау органдары суатқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданған.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі