USD
USD
USD

Грузияда ресейлік банктің операцияларына шектеу қойылды

  Грузияда ресейлік банктердің VISA және Mastercard карталарымен операция жасау тоқтатылды, деп хабарлады Грузияның банктер қауымдастығы.

Грузияда ресейлік банктің операцияларына шектеу қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еуроодақ бірқатар Ресей банктерін халықаралық SWIFT төлем жүйесінен ажыратты. Санкцияға ВТБ, Сбер, БМ-Банк, Саровбизнесбанк, «Открытие», Совкомбанк, Новикомбанк, РГС Банк, Промсвязьбанк ұшырады.

VTB Bank Georgia қазіргі күні тек заңды тұлғыларға қызмет көрсетіп жатыр

«Санциялар ресейлік банктер мен банк карталарына қарсы салынды. Санкцияға ілінген банктередің клиенттері карта арқылы операциялар жүргізе алмайды. Оның ішінде қолма-қол ақша шешу, төлем жасау операциялары да бар», – делінген қауымдастық ақпаратында.

Сонымен қатар Грузияның банк қызметін пайдаланушылары SWIFT жүйесі арқылы ресейлік банктерге аударым жасай алмайды.

Банк қауымдастығының мәліметінше, VTB Bank Georgia қазіргі күні тек заңды тұлғыларға қызмет көрсетіп жатыр. Ал жеке тұлғаларға «Базис Банк» қызмет көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия