USD
USD
USD

Грузияда оқу жылы әлі басталған жоқ

   Грузияның Тбилиси, Кутаиси, Рустави, Гори, Зугдиди және Поти сияқты 6 ірі қаласында оқу жылының басталуы екі аптаға, яғни 1 қазанға дейін қалдырылды.

Грузияда оқу жылы әлі басталған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысынан кейін елдің премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді.  «Осы қалалардағы жоғары оқу орындары, сондай-ақ мектептер оқу процесін 1 қазаннан бастайды. Бұл қазіргі тәуекелдерді дұрыс бағалау үшін қажет. Ол үшін эпидемиологтар мен біздерге екі апта қажет. Осыдан кейін біз балаларға қатысты қосымша шешімдер қабылдаймыз», – деді Гахария.

Г.Гахария нақтылап өткендей, бұл шектеулер ірі қалалардағы барлық жекеменшік және мемлекеттік оқу орындарына қатысты. 15 қыркүйек – 1 қазан аралығында студенттер мен оқушылар қашықтан оқитын болады. Айта кетсек, бұған дейін оқу жылының басталуы елдегі індет ошағына айналған – Батуми мен Кобулети қалаларында кейінге шегерілген болатын. Грузияда коронавирустың өршуі 1 қыркүйектен бері тұрақты сақталып келеді. Соңғы тәуліктің өзінде коронавирустың жаңадан 87 жағдайы тіркелді. Бұл эпидемия басталғалы рекордты көрсеткіш болып табылады.

Қазір оқып жатыр

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров