Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың анасы мәлімдеме жасады

Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың анасы Айсұлу Айтбаева грузин журналистерге қызы Әсел Айтбаеваның өліміне қатысты жаңа мәлімет айтты.

Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың анасы мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әйелдің айтуынша, ол соңғы рет Әселдің өліміне дейін қызымен екі сағат бұрын сөйлескен. Анасының айтуынша, қызы одан қонаққа келуін сұраған. Кейін Әсел Айтбаева қайтыс болғанын білген соң, ол Грузияға мәйітті тану үшін ұшып барған. 

"Қиын күн болды, баламды анықтауға бардым. Иә, шынымен ол болып шықты. Мен бәрібір оны өлтірді деген ойдамын. Аудиоқоңырауға сүйеніп отырмын, онда бәрі бар. Бұл суицид емес. Маған Әселді итеріп жіберген сәтті көршілер видеоға түсіріп алғанын айтты. Ол адам болса, полиция бөлімшесіне баруды сұраймын. Бүгін кешке қызымның денесін Қазақстанға алып кетемін", - деді Айсұлу Айтбаева.

Ол қызын бірнеше ер адам өлтірді деп күдіктенетінін айтты. Марқұмның анасы олардың бірі Қазақстанға қайтып үлгергенін атап өтті. Осыған байланысты ол екі елдің билігінен күдіктілердің бірін Грузияға депортациялауға көмектесуін сұрады.

Қазір оқып жатыр

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf