USD
USD
USD

Грузияда қатты жер сілкінісі болды

Грузия Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығының мәліметінше, Дманиси муниципалитетіндегі Ирганчай ауылы маңында магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Грузия жаңалықтары».

Грузияда қатты жер сілкінісі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жерасты дүмпулері 1 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:35-те тіркелген. Олар жер сілкінісі ошағынан шамамен 80 шақырым жердегі Тбилисиде және Грузияның басқа да қалаларында сезілді.

Дманиси мен Ниноцминда шекарасындағы аумақ (Квемо-Картли және Самцхе-Джавахети аймақтары) соңғы уақытта белсенді сейсмикалық аймаққа айналды. Ол жақтарда күн сайын дерлік жер асты дүмпулері болады.

Бұл аймақтағы ең қатты жер сілкінісі 13 ақпан күні кешке тіркелген. Оның магнитудасы 6,1 балға жеткен еді. Одан кейін бірнеше дүмпу болды, олардың ең мықтысы - 4,5 бал. Жер сілкінісі салдарынан Дманиси муниципалитетіндегі мектеп ғимараты мен 20-ға жуық үй зардап шекті.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер