USD
USD
USD

Грузияда қайтыс болған қазақстандық азаматтың өліміне күдікті қамауға алынды

 Қазір ҚР СІМ марқұмның денесін елге жеткізуді ұйымдастыру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. Грузияның Тбилиси қаласында қазақстандық азамат қайтыс болды. Оның денесі 5 мамырда бір үйдің терезесінің астынан табылған. Бұл туралы Қазақстан Елшілігіне Грузияның құқық қорғау органдары хабарлапты, деп жазады inbusiness.kz.

Грузияда қайтыс болған қазақстандық азаматтың өліміне күдікті қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қыз 9 қабаттан құлап мерт болған. Грузияның полициясы өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Полиция күдіктіні қамауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүдделері үшін жария етілмейді. Грузиядағы Қазақстан Елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс Елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақтанның Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматының денесін отанға жеткізуді ұйымдастыруда жан-жақты көмек көрсетуде»,– деп жазылған СІМ хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер