USD
USD
USD

Грузияда 11 қазан аза тұту күні деп жарияланды

 Грузияда қазанның 11-і аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы ел премьері Ираклий Гарибашвили хабарлады.

Грузияда 11 қазан аза тұту күні деп жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айтуынша, Батумидегі қайғылы оқиғаға жауаптылардың барлығы заң жүзінде қатаң жауапқа тартылады. Еске салайық, таяуда Грузияда көп қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Оқиғадан мерт болғандардың саны бүгін 8-ге жетті. Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, үйінділер астында тағы оннан астам адам болуы мүмкін. Құтқару-іздестіру жұмыстарына 300-ден астам маман жұмылдырылды. Жалпы 7 қабатты тұрғын үйде 200-ге жуық адам тұрған. Апат нақты не себептен болғаны әзірге жарияланбай отыр. Оқиғаға қатысы бар деп танылған 3 адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі