USD
USD
USD

Грузияда 100 мың адам кірісінен айырылған

Грузия індеттен қатты зардап шекті. Қазір ел экономикасының барлық саласы тұралаған.  

Грузияда 100 мың адам кірісінен айырылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мыңдаған адам жұмысынан айырылса, енді бірі кірісінен қағылды. Дүниежүзілік банк болжамы бойынша алдағы уақытта 160 мың адам кедейлер қатарын толтыруы мүмкін. Грузияда індеттен экономиканың құлдырауы халықтың әл-ауқатына бірден әсер етті. Дүниежүзілік банктің болжамынша биыл ел халқының 4%-ті кедейшілік қамытын киіп, тағы 400 мың адамның кірісі едәуір қысқаруы мүмкін.

ISET саяси институтының бас зерттеушісі Давид Кешелава: "Қазір індеттен әлемнің барлық елін дағдарыс жайлаған. Жағдай тек келесі жылы оңалуы мүмкін. Грузияда көптеген адам жұмысынан айырылды. Шекара жабылып, туризмнен кіріс күрт азайды. Осы сала қатты шығынға батты" деді.

Дегенмен, Грузиның Экономика министрлігі елдегі жағдай жақсарып келе жатқанын айтады. Мысалы қыркүйек айында грузин тауарларының экспорты 9%-ке өскен. Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Натия Турнава: "Халықаралық валюта қорының болжамына сай алдағы бірнеше жылда Грузия экономикасы тез қалпына келуі мүмкін. Келесі жылдан 2025 жылға дейін Грузия экономикасының өсімі 5%-ті құрайды деген болжам бар. Бұл аймақ бойынша жоғарғы көрсеткіш" деді.

Бірақ Грузияда індет таралғалы 100 мың адам кіріснен айырылған. Үкімет халықты қолдау үшін түрлі бағдарламаны жүзеге асырды. Жарты жылда әрбір азамат мемлекеттен 100 доллардан 400 долларға дейін қаржылай көмек алды. Дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыру үшін 1 миллион доллар бөлінді.

Қазір оқып жатыр

Депутат: ҰБТ-дағы өзгерістер оқушыларға қосымша стресс әкелуі мүмкін

тест

Қазақстан мұнайы Германияға басқа бағытпен тасымалданады – Новак

Мұнай экспорты

Атырауда жаңа полиция басшысы тағайындалды

Айдар Қасанов

Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев