USD
USD
USD

Грузияда президент сайлауы өтті

Грузияда өткен алтыншы президент сайлауы алғаш рет тікелей халықтың дауыс беруімен емес, сайлаушылар алқасы арқылы жүзеге асты. 

Президент сайлауы
Фото: Lenta.ru

Алматы, NEGE. Бұл туралы брифингте Грузия ОСК баспасөз хатшысы Натия Иоселиани мәлім етті.  Сағат 11:30-ға дейін сайлаушылар алқасының 170 мүшесі процеске қатысып үлгерді. Сондықтан сайлау өтті, – деді ол.

ОСК басшысы атап өткендей, дауыс беру сағат 14:00-ге дейін жалғасады, содан кейін ОСК дауыстарды санауды бастайды.

Бүгін Грузияда алтыншы президент сайланып жатыр. Бұл алғаш рет тікелей халықтың дауыс беруімен емес, сайлаушылар алқасы арқылы жүзеге асады. Дауыс беру парламент ғимаратында сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Жаңа мемлекет басшысын 300 адамнан тұратын сайлаушылар алқасы сайлайды.

Грузияда президент 5 жылдық мерзімге сайланады. Бұл лауазымға жалғыз үміткер – биліктегі «Грузин арманы – Демократиялық Грузия» партиясының өкілі, бұрынғы футболшы, парламент депутаты Михаил Кавелашвили.

Грузияның қазіргі президенті Саломе Зурабишвили бұл қызметті 2018 жылдың 16 желтоқсанынан бері атқарып келеді. Бұған дейін ол парламент «заңсыз» болғандықтан, мандатының аяқталуына қарамастан отставкаға кетпейтінін мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.