Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Грузия үкіметі Саакашвилиге ешқандай жеңілдік жасалмайтынын ескертті

   Батумиде «Ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясы ауқымды шеру өткізді.

Грузия үкіметі Саакашвилиге ешқандай жеңілдік жасалмайтынын ескертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елде 30-қазанда Тбилисимен бірге 20 қаланың мэрі мен аудан басшыларын сайлау өтеді. Басты тартыс «Грузия арманы» партиясы мен оппозициялық «Біріккен ұлттық қозғалыс» арасында өрбиін деп тұр. Оппозиция өкілдері қандай талап қойып жатыр? Батумиде «бірлік пен бостандық үшін» деп ұрандатқан шеруге мыңдаған адам қатысты. Жұрт «Мишаға бостандық», «Еркіндік пен өзгеріс үшін жұмылайық» деген жазуы бар парақшалар көтеріп шықты. Бүкіл оппозициялық күш билеуші партияға қарсы бірікті. 

«Біртұтас грузия» партиясының көшбасшысы Нино Бурджанадзе: "Қазір бәріміз бірігіп жұмылып жатырмыз. Ескі ұрыс-керісті ұмытып, күш біріктіретін кез келді. Барлық өкпені ұмыту қажет. Мына жерде кішкентай балаларды көріп тұрмын. Келешекте олардың көздеріне ұялмай қарайтын болайық", – деді.

Шеруге қатысушылар екі ұранмен шықты. Бірі – алдағы қала мен аудан мэрлерін сайлауда оппозиционерлерге қолдау білдіру. Екіншісі – Грузияның бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилиді босатуды талап ету. Бірақ билеуші партия бұған үзілді-кесілді қарсы шығып, қатаң жауап қатты.

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили: "Біздің партияның үміткерлері ел астанасынан бастап барлық қалада жеңіске жететініне сенімдімін. Бүлдіруші күштерге айтарым: олардың тәртіпсіздік жасауға мүмкіндігі болмайды. Біз билікте болғанда ешқандай төңкеріске жол берілмейді. Олардың басты өкілі түрмеде отыр. Ол жазасын өтей береді. Біздің басты міндетіміз еліміздің келешегі үшін сайлауды ашық әрі әділетті өткізу", – деді.

 Ал ұлтшылар көшбасшысы Михаил Саакашвили түрмеде аштық жариялап отыр. Оның халін дәрігерлер кеңесі бақылайды. Үкімет оған ешқандай жеңілдік жасалмайтынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев