USD
USD
USD

Грузия шекарасын ашады

 Грузия 18 наурызда жабылған шекараларын қайта ашуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24». Үкімет коронавирус індетіне байланысты қабылданған шектеулерді біртіндеп жеңілдетіп жатыр.

Грузия шекарасын ашады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдегі төтенше жағдай 22 мамырға дейін күшінде болғанымен, 11 мамырда Тбилиси қаласы ашылып, кәсіпорындар жұмыс істей бастайды. Ал маусым айының ортасынан туризмді қайта жандандыру көзделіп отыр. 15 маусымнан бастап ішкі туризм саласы жұмысын қайта бастайды. Ал 1шілдеде Грузия шетел қонақтарын қабылдауға, яғни шекараларын ашуға дайын. Бұл мақсатта Грузия көрші елдермен және туризмді дамытуға ниетті мемлекеттермен қаупсіз дәліздер құрады.  Грузия премьер-министрі Георгий Гахария: "Денсаулық сақтау министрлігіне шекарадағы әр келушінің бақылауын күшейту тапсырылды. Егер осыған дейін елге келгендердің барлығын 14 күндік немесе 24 сағаттық карантинге алсақ, енді бұл шара бір сағатта өтетін болды. Бұл үшін қажетті техника мен мүмкіндіктеріміз бар" деді.

Биылғы туристтік маусым көп пайда әкелмейтіні анық. Сол себептен, Үкімет дағдарысқа қарсы жоспарында бұл саланың қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсетуді қарастырған. Мәселен, ел тұрғындары Грузияның барлық аумағында демала береді. Ал шетелдік туристер үшін коронавирустан таза жасыл аймақтар жұмыс істейді. Бұл саяхатшылардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің амалы.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

.

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

коммуналдық тарифтер

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген

Білім

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

террор